Мемлекет реттеуді әлсіретпейді, керісінше оны нақты, дәл және технологиялық тұрғыдан тиімді етеді
Қазақстанда көші-қон саясаты түбегейлі трансформациядан өтіп, әкімшілік сипаттағы құралдан экономикалық дамудың маңызды тетігіне айналады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министр Президент Жарлығын іске асыру аясындағы Үкіметтің негізгі тәсілдері мен басым бағыттарын кеңінен түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, бұл құжат көші-қон саясатын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам және оны жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
«Қарапайым тілмен айтқанда, біз бұрынғы күрделі әрі шектеулерге толы жүйеден біртіндеп бас тартып, ашық әрі икемді модельге көшіп жатырмыз. Басты мақсат – отандық экономикаға қажетті мамандар үшін қолайлы көші-қон жүйесін қалыптастыру», – деп атап өтті Аида Балаева.
Көші-қон саясатындағы төрт негізгі бағыт:
Министрдің айтуынша, мемлекет реттеуді әлсіретпейді, керісінше оны нақты, дәл және технологиялық тұрғыдан тиімді етеді. Стратегиялық тұрғыдан бұл реформалар Қазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін жаһандық бәсекедегі орнын күшейтуге бағытталған. Бұл білімге негізделген экономиканы дамыту мен сапалы өсуді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.