"Бәріне қарсымын" дегенге сайлаушылар – 460 484 адам немесе 5,80 пайыз дауыс берілген
Орталық сайлау комиссиясында 20 қарашада өткен Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беруге 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың жалпы санының 69,44 пайызы қатысқанын хабарлады.
"Алдын ала қорытындылар бойынша үміткерлер:
Қарақат әбден - 206 206 дауыс немесе 2,60 пайыз;
Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22 пайыз;
Жигули Дайрабаев-271 641 дауыс немесе 3,42 пайыз;
Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53 пайыз;
Қасым-Жомарт Тоқаев-6 456 392 дауыс немесе 81,31 пайыз;
Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12 пайыз жинады” – деді Әбдіров.
“Бәріне қарсымын” дегенге сайлаушылар – 460 484 дауыс немесе 5,80 пайыз дауыс берген.