Президент сайлауына 8 300 046 адам қатысты –  Сайлаудың алдын-ала нәтижесі шықты

Qaz365.kz редакциясы

"Бәріне қарсымын" дегенге сайлаушылар – 460 484 адам немесе 5,80 пайыз дауыс берілген

скриншот / Qaz365.kz

Орталық сайлау комиссиясында 20 қарашада өткен Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беруге 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың жалпы санының 69,44 пайызы қатысқанын хабарлады.

"Алдын ала қорытындылар бойынша үміткерлер:

Қарақат әбден - 206 206 дауыс немесе 2,60 пайыз;

Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22 пайыз;

Жигули Дайрабаев-271 641 дауыс немесе 3,42 пайыз;

Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53 пайыз;

Қасым-Жомарт Тоқаев-6 456 392 дауыс немесе 81,31 пайыз;

Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12 пайыз жинады” – деді Әбдіров.

“Бәріне қарсымын” дегенге сайлаушылар – 460 484 дауыс немесе 5,80 пайыз дауыс берген.