Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі
Жеңіс күніне орай облыс орталығындағы Даңқ мемориалында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сұрапыл соғыстан оралмаған шығысқазақстандық боздақтардың рухына тағзым етіп, өшпес ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға жиналғандар жалпы саны 7199 шырақ жақты. Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі. Себебі биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 81 жыл толып отыр.
Ары қарай шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Соңында халық отшашуды тамашалады.
Айта кетейік, «Өз шырағыңды жақ» акциясы Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.