Тоқаев жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барады

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды

gov.kz

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.