Қырғызстан Ресейді қолдауы керек: экс-президент күтпеген мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

"Батыс Украинаны Ресейден алшақтата бастады"

РИА Новости / Алексей Панов

Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаев Қырғызстан Украинамен соғыста Ресейді қолдауы керек деді, деп хабарлайды Qaz365.kz ресейлік RT арнасына сілтеме жасап.

“Қырғызстан Ресейдің одақтасы және Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауы керек деп айтқым келеді. Ал Ресей бүгінде  қолдауға мұқтаж. Одақтас дәл осындай қиын сәтте танылады. 

Батыстың Украинаны Ресей мен ТМД елдерінен қалай алшақтатқанын жақсы білемін», - деді биліктен қуылған президент. 

Еске салайық, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты Қырғызстан билігі бейтараптықты ұстанады.