Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаржы бөлінеді

Qaz365.kz редакциясы

Билік жаңа 5 министрліктің құрылуы бюджетке салмақ түсірмейді дейді

Sputnik / Болат Шайхинов

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Жаңа министрлік деген аты ғана болмаса, олар ескі министрліктерден бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің позициямыз – қазіргі бар қаражат көлемінде бөлу. Әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатын бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам саны қалай бөлінеді, солай бөлеміз», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Ол 5 жаңа министрліктің құрылуы бюджетке салмақ түсірмейтініне сендірді. Сондай-ақ вице-премьер жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін айтты.


Айта кетейік, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылған. Атап айтсақ,  Су ресурстары және ирригация министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.