Қаңтар кезінде "Шал, кет!" деп айқайлаған Әділет Мусин сот залынан босап шықты

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу органдары 2022 жылы 4 қаңтарда Мусин жұртты "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырған" деп айыптаған еді

стоп-кадр

Қаңтар кезінде "Шал, кет!" деп айқайлаған Алматы тұрғыны Әділет Мусин сот залынан босап шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап. 

Бүгін, 8 қыркүйекте апелляциялық сот бірінші инстанцияда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бірақ Әділет Мусиннің қамауда отыру мерзімі аяқталғандықтан ол сот залынан босатылды. 

“Бірқатар қағаз шаруалары аяқталғаннан кейін қарауыл оны босатады” деп хабарлады сот залынан Азаттық тілшісі. 

Тергеу органдары 2022 жылы 4 қаңтарда Мусин жұртты "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырған" деп айыптаған еді. Мусиннің өзі тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған. 

Туыстары Әділет Мусин тергеу изоляторында отырған кезде азапталғанын, бірақ азаптау шағымы сол күйі қаралмағанын айтқан. Медициналық сараптама Әділет Мусиннің мойнының алдыңғы жағы жырылғанын, сол жақ беті, оң жақ шынтағы мен оң жақ иығы, екі тобығы көгергенін анықтаған.