Төтенше жағдайлар министрлігіне екі жаңа вице-министр тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады

Qaz365.kz коллажы

Төтенше жағдайлар министрлігіне екі жаңа вице-министр тағайындалды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов пен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. 

Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған. 2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  2012-2018 жылдары — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары. 2018-2020 жылдары — Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.