Самат Әбіш…Тергеу нәтижесінде жаңа есімдер аталады деген үміт бар -  Ермұрат Бапи

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс депутаты Самат Әбішке байланысты тергеуге пікір білдірді

Qaz365.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді  қоғамдағы қатқылданған жағдайды жібітеді деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқаны қоғамдағы қатқылданған жағдайды біраз жібітетін жаңалық деп ойлаймын", - дейді депутат. 

Депутаттың айтуынша, ескі Қазақстан басында тұрған топтың әрқайсысы қаңтарға байланысты тергелуі керек. 

"Бұндай мәселеде игіліктің ерте-кеші жоқ. Ескі Қазақстанға қатысы бар, соның басында тұрған топтың әрқайсысы қаңтарға байланысты тергелуі керек еді. Тым құрығанда сұралуы керек еді. 

Тергеу нәтижесінде жаңа есімдер аталады деген үміт бар. Жүріп жатқан сотқа байланысты біраз есімдер аталуы керек деп ойлаймын", - дейді Ермұрат Бапи.

Еске сала кетейік, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.