“Қызметкерлерінен ақша жинайды” деп айыпталған министр Шәріпханов пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

ТЖМ бұрынғы қызметкері ведомство басшылығы “министрге ақша жинайды” деп мәлімдеген еді

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өзіне тағылған сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Зуялхан Гасанов атты ТЖМ бұрынғы қызметкері ведомство басшылығы “министрге ақша жинайды” деп мәлімдеген еді. Алайда Сырым Шәріпханов мұны жоққа шығарады.

“Расында, мұндай үндеу болды. Кеше ресми түрде жауап бердік. Менің ұстанымым – адал өмір сүріп, еңбек ету.  Сондықтан үндеуде көрсетілген фактілерді қабылдауға келмейді. Біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біз ашықпыз, мен бұны қызметімнің басынан-ақ жария еттім. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өте тығыз жұмыс жасаймыз. Бірқатар үлкен іс-шаралар өткіздік, оны бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Сондықтан біз дәл осы факті бойынша тексеретін боламыз. Мұндай фактілер анықталса адамдар жазаланады. Бұның жала екені де сотқа арыз беру арқылы анықталатыны сөзсіз”, - деп жауап берді Шәріпханов.