Несием жоқ, айфоным да ескі, 14-пен жүрмін – Мәжіліс депутаты

Qaz365.kz редакциясы

"Несиемен ауырмаймын" дейді депутат

Фото: Голос народа

Бүгін "Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру” тақырыбындағы Парламент тыңдауы өткен. Отырыстан кейін депутат Руслан Берденов өзінің ешқашан несие алмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 


«Мен осы уақытқа дейін ешқашан несие алып көрмегенмін. Несиемен ауырмаймын. Iphone шыққанда жаңа маркасына ұмтылу деген жоқ. Iphone-нің қазір 15-і шықты. Ал мен әлі 14-пен жүрмін», – дейді Руслан Берденов.


Айта кетейік, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, елімізде қазір халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар.

Еске салайық, бүгін депутат Руслан Берденов еліміздегі өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебін айтты. «Елімізде өз-өзіне қол салудың 50%-ы құмар ойынның салдарынан болуда», –  дейді ол.