×

Елімізде 1,7 миллион адам қауіптің алдында тұр

Бұл туралы депутат Берік Бейсенғалиев айтты

Елімізде 1,7 миллион адам қауіптің алдында тұр
el.kz

Елімізде 1,7 миллион азамат кредитін төлей алмай қауіптің алдында тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Мәжілісте халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екені айтылды.

«Қазір халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар. Кейінгі бір жарым жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға артты. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді»,– деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Депутат Берік Бейсенғалиев та 1,7 миллион адамның қауіптің алдында тұрғанын айтты.

«Қазақстан азаматтарының 18,1 триллион теңге кредиті бар. Оның тең жартысы кепілсіз несие. Төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелердің жалпы көлемі 2 триллион теңгеге жеткен. Оның 63%-ы сол тұтынушылық кепілсіз несиелеуге тиесілі (1 триллион 225 миллиард теңге). Қаржылық тұрақтылық тұрғысынан қауіп алдында 1 миллион 700 мың біздің отандастарымыз тұр», – дейді депутат.

Ал вице-премьер әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді пысықтап жатқанын, сондықтан тұтынушылық кредитке сыйақы төлеу алынып тасталуы мүмкін екенін айтты.

«Заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттер бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін шектеу қарастырылады. Мысалы, азаматтардың мерзімі өткен кредиттеріне сыйақы есептеуді шектеу, проблемалық берешегі бар қарыз алушыларға жаңа кредиттер беруге тыйым салу ұсынылады», – дейді Ерұлан Жамаубаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →