Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді

ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-ның 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес кодекс, соталды тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды", – деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.