«Неге эмоцияңызды ұстай алмайсыз»: Аймағамбетовты ашуландырған шенеунік кім

Qaz365.kz редакциясы

Депутат Асхат Аймағамбетовтың видеосын әлеуметтік желіге әріптесі Дәулет Мұқаев бөліскен

egemen.kz

Депутат Асхат Аймағамбетовтың видеосын әлеуметтік желіге әріптесі Дәулет Мұқаев бөліскен. Алайда белгісіз себеппен блогер-депутат бөліскен «рилс» көп өтпей парақшасынан жойылып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сіз мұнда Парламентке келдіңіз, содан кейін депутат сізге сұрақ қояды. Сіздің міндетіңіз – жауап беру. Түсіндіңіз бе? Қаншалықты сізге ұнамай тұрса да, қанша азалы естілсе де, Британ Парламентін қараңыз, мәселен. Ол жерде сұрақтарды қалай қоятынын қарап шығыңыз. Сізге өз құзыреті шеңберінде дұрыс сұрақ қойылып отыр. Жауап беріңіз! Не себепті өз эмоцияңызды ұстай алмайсыз? Дұрыс сұрақ қойылды ма – дұрыс жауап беріңіз!» – дейді Аймағамбетов комитет отырысында.

Аймағамбетов қай ведомствоның қай шенеунігіне шүйліккені жұмбақ болып қалды. Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіден видеоны жойғандықтан, толыққанды ақпарат берілмеді.