Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Елдің ең жас мәжілісмені болған Мәдидің қоғамда қызу талқыға түскен әрекеттері көп

видеодан кадр

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, елдің ең жас мәжілісмені болған Мәдидің қоғамда қызу талқыға түскен әрекеттері көп. Солардың қатарында Алматыдағы Назарбаев көшесіне тұңғыш Президент ескерткішін орнату ұсынысы да бар. Бұл мәлімдеме көптің қатты сынына қалған еді.

Ал 2021 жылдың қаңтарында Мәди Ахметов жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болды, ол "Нұр Отан" партиясы  ұсынған (қазір – Amanat) тізім бойынша сайланды.