Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ашық дереккөзден

Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады», – деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Бұған дейін Qaz365.kz ақпарат агенттігі  ертең Мемлекет басшысының бас басылым – «Egemen Qazaqstan» газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланатынын жазған еді. Баспасөз хатшысы осылай растап отыр.