Асхат Аймағамбетов ағзасын біреуге донорлыққа беруге дайын екенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Депутат өз ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін жеткізді

Фото: baq.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында мәйіт доноры болуға қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс кулуарында депутат өз ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін жеткізді. Дегенмен, бұл мәселеде әр азаматтың өз шешімі болатынын айтты.

«Өзім дайынмын. Өйткені біз, әрине, өзіміздің шешімімізді айтуымыз керек. Бұл өте сезімтал сұрақ. Әр азаматтың өзінің шешімі бар.  Кейбірінің діни  ұстанымдары бар, кейбірінің басқа құндылықтары  мен дүниеге деген өз көзқарастары бар. Сондықтан өздерінің шешімдері болу керек. Өйткені әр азаматтың өз ойы бар», – деді Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында. 

Айта кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін айтқан болатын.