«Өзін-өзі үш рет атқан» Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерден бой көтеретіні анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Нұрқаділовке ескерткіш қай жерден тұрғызылады

Фото: ашық дереккөзден

Жақында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай берілген аста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескерткіш қою туралы ұсынысы айтылған. Осыған байланысты Алматы облысында ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз қозғалды. Айта кетейік, көпшіліктің пікірін ортаға сала келе Кеген ауылының көрнекті жері жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отыр», – делінген Кеген ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін аста Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берген. Онда «Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын» деген ұсыныс айтқан.