Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды – себебі белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық музей экспозициясынан алынып тасталды

Фото: 2gis.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық музейдегі ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Атриум тарихи-хронологиялық кезеңдеу логикасына және залдардың тақырыптық-экспозициялық мазмұнына бағынатын музей экспозициясының сценографиясы тұрғысынан маңызды.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Тәуелсіз Қазақстан» залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі (2014 жылдан бері жаңартылмаған), онда қазіргі тарихи кезеңнің маңызды оқиғалары толық қамтылмақ.

Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», – делінген Ұлттық музей хабарламасында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталған еді.