Экология министрі аңшылық ұйымдар киікті атуды сұрап отырғанын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Келесі жылы киік ату әуесқой спорт аңшылығына енгізілуі мүмкін

Фото: shutterstock

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 2025 жылы киік атуға әуесқой аңшылар да тартылады.

«Жыл басында көптеген ұсыныстар түсті. Соған қарамастан, біз киікті әуесқой, спорттық бағытта атуға рұқсат бермедік. Биыл тек реттеу шеңберінде ғана «Охотзоопром» деген мекеменің күшімен реттеу жұмысын бастап кетті», – деді министр ОКҚ алаңында.

Нысанбаев мұндай ұсыныстар аңшылық ұжымдардан көп түскенін айтады.

«Келер жылы көптеген нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізіп жатырмыз. Аңшылық ұжымдардан көптеген ұсыныстардың бәрін топтап, содан бір жақсы жалпы ережені әзірлейміз. Келесі жылға киікке әуесқой спорт аңшылықты ашуға әзірленіп жатырмыз. Ашып айту керек», – дейді Нысанбаев.