Ажар Ғиният неге отставкаға кетті – Премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Үкіметте экс-министрдің отставкаға кету себебі жайлы жауап берілді

Фото: gov.kz

Ажар Ғиният не себепті қызметінен босатылды. Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы, мұндай нәрсе жоқ, біз өмір бойы осында жұмыс істемейміз. Ажар Ғиниятқызы алдына қойған міндетін орындады. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл жүйенің қаржылық бөлігі (МӘМС – еск.)», – деді вице-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция жарияланған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы болып Ақмарал Әлназарова тағайындалды.