Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Үкімет хабарлады

Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет қаулысымен Әбілқайыр Тамабек ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Ол басқа қызметке тағайындалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тамабек 1994 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. 2015 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Жамбыл облысының әкімдігінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Ал 2022 жылы сәуірде Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында вице-министр Тамабек пен Respublica партиясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров арасында кикілжің болған еді.