«Беттері бүлк етпейді»: Ринат Зайытов жаңа Үкіметтен не күтетінін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Депутат бұрынғы Үкіметтің жұмысына да баға берді

Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет сағатынан кейін тілшілерге министрліктердің өтірік статистика беріп, елді алдап жүре беретінін айтып, сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бізде кез келген министрлікте әлі күнге, өкінішке қарай, бұрынғы жүйенің өтірік айту, өтірік статистика беру әдеті бар. Әбден машықтанып алған. Жаңа Үкіметтің қалай жұмыс істейтінін білмеймін, бұрынғысы солай еді. Беттеріне айтып отырсаң да, бүлк етпейді. Осы жүйе тоқтамай, әрбір министрлік өтірік өз-өздерін мақтатып, ведомствосындағыларға пост салғызып көпіре берулерін тоқтатпай, ештеңе өзгермейді. Әуелі халыққа, сосын өздеріңе өтірік айтуларын доғаруы қажет. Әйтпесе, бәрі бекер», – дейді Ринат Зайытов.

Ол жаңа Үкімет құрамынан үміт күтетінін де айтып қалды.