Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге шектеу қойылуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы айтты

Фото: kg.kabar.kg

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров өзінің орынбасары Эдил Байсаловқа әлеуметтік желідегі жазбаларға мониторинг жүргізуді тапсырды. Ақылбек Жапаров ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтылмағанын дұрыс деп көреді.

«Біз салт-дәстүрімізге қайшы келетін ақпараттардың таралуына шектеу қоюымыз керек. Кей келіндер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандап жатады. Ал ажырасып кетсе, әлеуметтік желіде өз ойын бөлісіп таратады. Олар үлгі алатын адам емес», – деді ол.