«Менің кесірімнен хейтқа ұшырадыңыз»: Досаев картина сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Әкім өзіне сыйлық берген жігіттен кешірім сұрады

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Ерболат Досаевқа өзінің суреті салынған картина сыйлап, алғысын жаудырған жігіт бой көрсетті. Оны әкім бірден танып, жігіттен кешірім сұрап та үлгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің кесірімнен хейтқа ұшырадыңыз. Шын жүректен жасалған сыйлыққа алғысым шексіз. Бірақ мұндай сыйлықтарды дұрыс түсінбей қалатындар бар. Алайда сені ыңғайсыз жағдайға қалдырғаным үшін кешірім сұраймын», – дейді әкім.

Еске салайық, өткен аптада қала әкімінің халықпен кездесуінде Алматы тұрғыны Досаевқа картина сыйлаған болатын.