«Депутаттар оқымаған»: Министр Саясат Нұрбек мәжілісмендердің өздерін кінәлады

Qaz365.kz редакциясы

Министр мәжілісмендердің өздерін кінәлады

Фото: informburo.kz

Мәжілістің жалпы отырысында отандық ғылым саласын дамытуға заң жобасы қаралды. Аталған заң жобасын таныстырған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке депутаттар тарапынан біраз сын-ескертпелер айтылды. Алайда Мәжіліс кулуарында министр мәжілісмендердің өздерін кінәлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тілшілердің бірі «Дайындалмай келіпсіз» деп еді. 

 «Негізі заң жобасын мұқият тыңдау керек еді. Бұрын болмаған бірнеше механизмдер енгізілген. Депутаттар оқымаған. Бізге екі біріккен заң жобасын пленарлық отырысқа шығаруға  тура келді», – дейді Саясат Нұрбек. 

Айта кетейік, «Ғылым туралы» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдардың қолданыстағы нормаларын қамтиды.

Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек «Шіркін, біздің министрлеріміз сіз сияқты қызыл тіл, суырыпсалма шешен болса, барлық сұраққа жауап болатын еді» деп, Саясат Нұрбекке шүйліккен болатын.