Өтемұратовтардың кішісі бес жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол сот залында қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Астана соты Данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгертті. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер тізімінде үшінші орында тұрған Болат Өтемұратовтың туыс інісіне қатысты іс өткен жылдың қараша айында басталған еді.

Сот алқасы  2 ақпанда Данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат Жоғарғы соттың сайтында сот кеңсесінде жарияланды. 

Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, яғни қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.

Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі, қылмыстық-атқару мекемелерінде ұстаудың бір күні жазаны өтеудің 1,5 күніне пара-пар.