«Итсің, ит екенің рас» деп журналистерге жекіген прокуратура өкілі Мәжілісте құлап қалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол кулуарда құлап қалды

Видеодан скриншоттар

Бас прокуратураның парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов бүгін жалпы отырыстан кейін кулуарда құлап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бүгін тілшілердің сауалына жауап бермей, қашқан болатын. Сол кезде алдында тұрған Бас прокуратураның парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов сүрініп құлады.

Айта кетейік, ол былтыр қаңтар оқиғасына қатысты жиында журналистерді итке теңеп, жекіген видеосы тараған. 

Видеоада ашуға булыққан өкілдің «Кет дегенде, ит те кетеді» деп, журналистермен сөз таластырып жатқанын анық көруге болады.