Алматыда Ресейдегі сайлауға дауыс берушілер ұзын-сонар кезекте тұр

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіге тараған видеолар Қазақстандағы ресейліктердің сайлауда белсенді екенін көрсетеді

Видеокадр

Алматыда Ресейдегі сайлауға дауыс берушілер ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әлеуметтік желіге тараған видеолар Қазақстандағы ресейліктердің сайлауда белсенді екенін көрсетеді.

Журналист Ирина Әлімжанова кезекте тұрған шетелдіктерді видеоға түсіріп алған. Ресей азаматтары Ресей елшілігі ғимаратының алдына жиналған.

Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 15-17 наурызы аралығында өтеді. Дауыс беру сонымен қатар аннексияланған Қырымда және Украинаның басқа оккупацияланған территорияларында да белгіленген. Бұл халықаралық құқыққа қайшы келеді. 

Бірде-бір оппозициялық саясаткер немесе соғысқа қарсы кандидат сайлауға жіберілмеді. Путиннен сайлауға «Жаңа адамдар» партиясынан Владислав Даванковпен, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий және коммунист Николай Харитоновпен «бәсекелесіп» жатыр.