Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па – министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Министр балалардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысынан кейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың ағзасы өте тез өседі. Себебі олардың ағзасы тез қорытады. Олар жұмсайтын энергияның орнын тез толтырып отыруы қажет. Әрине, бірінші әр ата-ана мұны дұрыс түсінуі керек. Балалардың уақытылы, тиімді тамақтануы денсаулықтары үшін, дамуы үшін маңызды», - деді министр.

Ақмарал Әлназарова бала 16-17 жасқа дейін барлық мүшелері толық қалыптасып біткенше құнарлы тамақтану керек екенін түсіндірді.

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталды.