Енді қарызы бар адамдарға лоторея ойнауға тыйым салынбақ – Мәжіліс заң жобасын жұмысқа алды

Qaz365.kz редакциясы

Депутаттар заң жобасын жұмысқа алды

Фото: egemen.kz

Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу туралы тапсырмасы шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.

Олар келесідей:

Біріншіден. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норманы қарастырып отыр. Сондай-ақ басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.

Екіншіден. Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады.

Үшіншіден. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады.

«Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты тағы басқа өте маңызды нормалар ұсынылып отыр», - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.