Назарбаев алғаш рет ұлымен бірге ел аралап көзге түсті

Qaz365.kz редакциясы

Назарбаев алғаш рет ұлымен бірге Абу-Дабиде көзге түсті

Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінде қазақ студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіге фото мен видеоны елімізден барған студенттердің бірі жариялады.

Олар Назарбаевпен бірге суретке түсуді жөн көрген. Ақ жейдеде оның екінші әйелінен туған ұлы Тауманды байқауға болады.

Назарбаевтың өмірінен хабар таратын Instagram желісіндегі Elbasy_live парақшасы да «Әкесі мен ұлы» деп жазған.

Назарбаев соңғы рет 2023 жылы 18 қарашада Астанада інісі Болат Назарбаевтың жетісіне орай берілген аста көзге түскен болатын. Одан кейін желтоқсанда Astana Club пікірталас алаңының сессиясына қатысты.