Мәжілісте Дариға Назарбаеваның есімі аталды

Qaz365.kz редакциясы

Депутат Әділет министрлігі өкіліне бірқатар сұрақ қойды

Фото: parlam.kz / скриншот

Мәжілісте ойын бизнесін реттеу, лудоманиямен күрес бойынша заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырыста депутат Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның елдегі ең танымал букмекерлік кеңсені құртып жібергенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы букмекерлік кеңселерді тоқтатуға түгел ел болып шамамыз жетпей жатқаныма таңқаламын. Осыдан 7-8 жыл бұрын біз «Олимп» деген деген букмекерлік кеңсенің быт-шытын шығардық. Қазақстанда тоз-тоз болып шықты. Олардың алды АҚШ-қа кетті. Сол кезде олардың өкілдері маған, «Дат» газетіне хабарласты. Мен оларға «Мұның артында кім тұр?» деп сұрақ қойдым. Олар маған «Дариға Назарбаева» деп жауап берді. Қазір мен осылай деп нақты айта алмаймын. Олардың берген ақпараты осындай болды. Мұны ақпараттық тұрғыда айтып отырмын», - деді Ермұрат Бапи.

Оның айтуынша, кейіннен 1Хbet, сосын «Олимптің» орнына «Олимпбет» шыққанын еске салды.

«Енді лицензиясы бар (букмекерлік) кеңселер құрылтайшыларының деректерін жариялай аламыз ба? Кәдімгі ашық ақпаратта әрбір ата-ана өзінің қарызға батқан, кіріптар болған ұлына кім кінәлі екенін біліп жүргенін түсінук керек еді. Букмекерлік кеңсенің адамы көшеде жүре алмайтын, ұялып, кірерге тесік таба алмай жүретін болса. Сондай мүмкіндік бізде бар ма? Олардың құрылтайшысын жариялай аламыз ба?» - деді депутат.

Ал Әділет министрлігі өкілі бұл заңға қайшы екенін айтты