Су тасқыны: танымал журналист Тоқаевтың жақында қай өңірге баратынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев жақын арада жұмыс сапарымен қай өңірге барады

Фото: Ақорда

Белгілі журналист Асхат Ниязов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласына баратынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жаңа ғана ұшақта Президент пулының журналистерін көріп қалдым. Демек, Орал – Батыс Қазақстан сіздерге ертең 100 пайыз Президент келеді. Одан несіне құпия жасағысы келіп отырғандарын түсініксіз. Бәлкім, ол Ақтөбе облысына да кіріп шығатын шығар. Тікұшақпен келетін болар. Бірақ оның осында келетіні анық», - деді ол өз парақшасында.

Айта кетейік, Батыс Қазақстанда су тасып, бірнеше өңірдің халқын эвакуиациялауға тура келген. Тіпті Орал қаласының өзінің бір бөлігінің де халқы қауіпсіз жерге көшірілді. Батыс Қазақстанда Ресейден келетін су мөлшері қатты алаңдатып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты растайды.