Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды

Фото: gov.kz

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін 2020 жылдың қыркүйек айынан бері атқарды.