Желі қолданушылары әншінің осындай шынайылығын жақсы көретінін айтты
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова шығармашылық кешінде бірнеше жылдан бері айтып жүрген «Анадан асыл бар ма екен?» әнінің сөзін ұмытып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ұмытып қалдым. Бірінші сөзі қандай еді? «Анадан асыл бар ма екен?» әні ғой. Ешкім білмей ме? Алтынбек ағаға айтып берем деп қойып ем. Алжыған деген осы», – дейді Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары әншінің осындай шынайылығын жақсы көретінін айтып, қолдап жатыр.
«Ұмытып қалуы әбден мүмкін. Бір баламызды шақыру үшін, барлығын атын атаймыз. Қаншама әннің сөзін мида сақтау деген оңай емес», «Осылай күлдіретіні бар естігенбіз», «Бәрі жарасып тұрады», «Ешқандай фальшсіз позитивті жан», «Фонограммасыз екені көрініп тұр», «Туканың оригналы» болды ғой», «Керемет әйел», «Мақпал апай үнемі қалжыңдап жүреді», «Нағыз талант», «Бастысы комплексі жоқ, сонысы ұнайды», – деген пікірлер бар.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованың алаяқтардың құрбаны болғанын жазғанбыз.