×

«Табылсаңдар, бастарыңды жарамын»: Мақпал Жүнісова ескерту жасады

Мақпал Жүнісова ескерту жасады

«Табылсаңдар, бастарыңды жарамын»: Мақпал Жүнісова ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтардың құрбаны болған. Ол телефонын хакерлер бұзғанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті халайық, ешкімге сенбеңіздер! Ешқандай байқауға қатысып, дауыс бермеңіздер. Телефонымды бұзыпты, Whatsapp қосымшам істемей қалды. Маған біреуге дауыс бер деп келген. Соған дауыс бере салып ем, телефоным істемей қалды. Мұндайларды табу керек. Ақша жасау құралына айналдырып алған. Концертке дайындық жүріп жатыр, соттасып жүруге уақыт та жоқ. Сонда кімге айтамыз? Маған дауыс беру керек болса, өзім айтамын, сенбеңіздер. Конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Сондықтан дауыс сұрамаймын. Алаяқтар, табылсаңдар, бастарыңды жарамын»,  – дейді Мақпал Жүнісова.

Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықовтың да телефоны алаяқтар қолына түскенін жазған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты
Бүгін, 13:31

«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты

Баян Алагөзованың пікірінше, мұндай миссия үшін Қазақстанда бағалар өте арзан
Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ
Продюсер осы күнге ерінбей еңбек еткеннің арқасында жеткенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →