×

«Аяқтан ұстады»: Роза Әлқожа балдақпен жүр

Ол денсаулық жағдайына байланысты бірнеше шараларға қатыса алмаған

«Аяқтан ұстады»: Роза Әлқожа балдақпен жүр
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтып, жанкүйерлерін уайымға салып қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мұзда тайғанап құлап, ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады.

«Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жазылар, жан мен жүректі абайлайық! «Дұшпан аяққа қарайды» деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кінәладым. Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рақмет!» –  дейді әнші.

Ол денсаулық жағдайына байланысты бірнеше шараларға қатысу бұйырмағанын айтты.

«Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! «Сынықтың көңілін сұрамайды» десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын», – деп жазды Роза Әлқожа.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті
24.07.2024ж. 16:50

«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Видеода Argonya көпшілікті қандай да бір мерекемен құттықтайды
Концерт Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді
Ол немерелерінің уайымдап жүргенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →