Роза Рымбаева стилін өзгертті

Qaz365.kz редакциясы

Ұлы Әли анасының жаңа стилі жарасып тұрғанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Эстрада әншісі Әли Оқапов анасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге Қытайға барды. Ол әлеуметтік желіде анасының жаңа стилін көрсетіп, суретін жүктеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үнемі қап-қара киініп жүресің деп, Роза Рымбаеваға стилисі ескерту жасаған.

«Бізге кір көтеретін, жолға шығатын киім керек қой. Жоқ, апай өзгеру керек деді. Содан үйдегі бар ақ киімді киіп шықтым. Сөйтсем, адамның көңілін көтеріп, жасартады екен. Жұқалау плащ кидім», - дейді Роза Рымбаева.

Ұлы Әли анасының жаңа стилі жарасып тұрғанын айтты. Екеуі президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының басталуына орай ұйымдастырылған форумға қатысқан.

«Роза апай, біз сізді жақсы көреміз. Жарқырап жүре беріңіз», «Сіз әдемі қазақтың аруысыз», «Қара киімдер мүлдем ұнамайды», «Роза апай үнемі сұлу болып қала беріңіз», «Өте әдемісіз, жүз жасаңыз», «Сізге жарасып тұр», - деген пікірлер бар.