«Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым»: Мақпал Жүнісова шешім қабылдады

Qaz365.kz редакциясы

Халық әртісі жеке парақшасында осы жазбасын кейін өшіріп тастады

Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың марқұм күйеуі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің үйін сатуға шығаратынын айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпесе, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген, Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Менің жылағым келеді, шаршадым, Зәке. Осы үйді Тоқаевқа беремін. 4 қабатты үйдің орнына екі қабатты үй берсін маған», – деп жылады Мақпал Жүнісова. 

Халық әртісі жеке парақшасында осы жазбасын кейін өшіріп тастады.