«Қастықпен өлтірді»: Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің ұлының өлімі туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дерекккөзден

Бүгін желіде марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өткені туралы хабарланды. Осыған байланысты халық әртісі Мақпал Жүнісова сазгердің әйеліне көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі Абылай Арманұлын қастықпен өлтірді деген хабарды естігенін жазды.

 «Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын! Өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла саған сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын!» – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – дейді Massaget.kz тілшісіне берген жауабында. 

Еске салайық, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.

Тағы оқыңыз: Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өтті