Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты сауалнама өтіп жатыр

Nur-Altay Umirzak

Сауалнама бес сұрақтан тұрады

Сурет: ortcom.kz

Қазақстандағы уақыт белдеуі тақырыбына сауалнама eGov Mobile қосымшасында шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану” - тақырыбымен берілген сауалнаманы eGov Mobile қосымшасының хабарландыру бөлімінен табуға болады.

Сауалнама бес сұрақтан тұрады:

  • Бір күндік жоспарыңызда Сізге уақыт көп жағдайда не нәрсеге жетпей қалады?
  • Тәулік ішінде қай уақыт Сіз үшін ең қолайлы, өнімді?
  • Сіз тұратын жердегі қызмет көрсету орындарының (тамақтану орындары, спорт орталықтары т.б.) қызметін қалыптасқан кестеден ертерек бастау идеясына қалай қарайсыз? Бұл Сіз үшін күндік жоспар құруға ыңғайлы бола ма?
  • Қазіргі қолданыстағы уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай?
  • Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы?

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызға қараған түні Қазақстан Бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшті. Сауда және интеграция министрлігінде уақыт осы мәселе бойынша "қазақстандықтар бірнеше рет жүгінгендіктен" уақытты ауыстыруға шешім қабылдағанын айтқан болатын. 

Осыған дейін Үкімет басшысының уақыт белдеуі өзгертілмейтіні жайында айтқанын жазған болатынбыз.