Алматыда мерекеде гүл сатқан сатушылар көшені қоқысқа толтырған

Qaz365.kz редакциясы

Алматы әкімдігі қалалықтарға арнайы хабарлама жасады

7-8 наурызда бүкіл қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылған, олардан кейін көгалдарда, аркаларда қоқыс үйінділері пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түнгі кезеңде және 9 наурыз күні таңертең қалалық қызметтердің барлық күштері қала аумағын тазарту жөніндегі тікелей міндеттерін орындаудың орнына стихиялық сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкес келтіруге бағытталды.

Алматы әкімдігі қалалықтарға арнайы хабарлама жасады.

“Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады. Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз”,  – деді әкімдік өкілдері.