Желтоқсан айында жұмысшылар өздерінің жалақысы 70 мыңнан 150 мың теңге аралығында екенін айтқан болатын
Желтоқсан айында Тараз қаласындағы «Қамқор» локомотивінде жұмыс істейтін 500-ге жуық азамат жалақының аз болуына байланысты наразылыққа шыққан болатын. Кейіннен олар басшылықпен ымыраға келген еді. Бірақ арада 3 айдан астам уақыт өтсе де, мәселе шешілмепті. Жұмысшылар бүгін қайтадан жалақыны көтеруді талап ете бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы тараздық журналист Нұрадин Рақай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Біз бүгін Тараз қаласындағы «Қамқор» локомотивіне келдік. Естеріңізде болса, мұның алдында 600-ге жуық азамат жалақыларының аз екенін айтып, наразылыққа шыққаны бар. Бүгін тағы да ереуілге шықты. Өйткені, желтоқсанда берілген уәде орындалмаған. Сөйтіп, бүгін өздері сайлаған депутаттарды сұрақтың астына аламыз деп шақырып жатыр”, – дейді Нұрадин Рақай.
Айта кетейік, желтоқсан айында жұмысшылар өздерінің жалақысы 70 мыңнан 150 мың теңге аралығында екенін айтқан болатын.