Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар

ашық дереккөзден

Қазақстандықтар мамыр айында 3 бірдей мерекені атап өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша 7 мамырдың орнына 8 мамырда демалыс. 9 мамыр күні тағы демалыс.

Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:

бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;

алты күн жұмыс істейтіндер: 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.