Риддердегі ЖЭО-да тағы апат болды

Qaz365.kz редакциясы

"Риддер ЖЭО" АҚ-дан келетін тікелей желілік судың температурасы бүгін небәрі 31 градус болған

gov.kz

Риддер тұрғындары бүгін, 2023 жылдың 18 сәуірінде таңертең пәтеріндегі радиатордың суып қалғанын байқаған. Бұл жағдайға Риддер жылу-электр орталығындағы штаттан тыс жағдай себеп болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Noks.kz басылымының жазуынша, "Риддер ЖЭО" АҚ-дан келетін тікелей желілік судың температурасы бүгін небәрі 31 градус болған.

Кейін анықталғандай, жылу орталығында тағы да штаттан тыс жағдай орын алған.

"Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде ажыратылып, резервтегі қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура біртіндеп көтеріледі", – деді Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.