Әкімдер өз қаласын жаяу аралауы керек - Тоқаев

Qaz365.kz редакциясы

Президент қалалардың сиқын сынады

orda.kz

Президент қалалардың сиқын сынады. Оның айтуынша, бұл мәселеге билік өкілдерімен бірге халық та назар аударуы керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, қалалардың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді: балалар алаңдары жабдықталмаған, үйлер ескіріп жатыр.   

Мысал ретінде ол Семейдегі ойын алаңдарының бірін атап өтті. "Ол жерде ойнау былай тұрсын, жүрудің өзі қауіпті" дейді ол.

Ол Балқан елдерін мысалға келтірді. Бюджеті аз да болса, қалалары өте ұқыпты көрінеді.   

«Әрине, бұл муниципалды биліктің жұмысы шығар, бірақ екінші жағынан бұл тұрғындардың өз тұратын жеріне қалай қарайтынын көрсетеді», - деді ол.