Тоқаев әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс неден туындайтынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

"Ешқандай жағдайда нағыз патриотизмді Ұлттық өзімшілдікпен шатастыруға болмайды"

Telegram/ Aqorda

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында ұйымның құрамы үнемі жаңартылып отыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстар ұлттық тәкаппарлықтан, басқа этнос өкілін жақын және дос ретінде көргісі келмеуден туындайды. Ешқандай жағдайда нағыз патриотизмді Ұлттық өзімшілдікпен шатастыруға болмайды. Сондықтан біз әрі қарай да Ассамблеяны дамытып, жұмыс әдістерін жетілдіреміз, оның құрамын үнемі жаңартып отырамыз», - деді Президент.