"Сіз келерде ғана жарық жанды": Алматы тұрғыны Досаевтан жиі келіп тұруын сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, Рысқұлов көшесінде әкім келерде ғана жарық жанып, көшеге су себілген

Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғыны кездесуде жарық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Рысқұлов көшесінде әкім келерде ғана жарық жанып, көшеге су себілген.

“Өткен кездесуде айтылған біраз мәселе шешілді. Автобус жайында айтқанбыз. 142-автобусты жүргізді. Балалар алаңын айтқанбыз. Оны жасап бітіріп жатыр. Сіз 18 көпір бар екенін айтқансыз, бәрі жөндеуден өтіп жатыр. Енді менің айтатыным, кеше сіз келеді деген соң Рысқұлов көшесінде жарық жанды. Оған дейін 2 айдан астам уақыт көшемізде жарық болмады. Екінші айтарым, ауламызда жарық жоқ. Құлап, иығымызды сындырып жатырмыз. 31 үйдің қабырғасы құлап жатыр. Сіз келеді деген соң түнгі 00:30-да су себілді, жарық жанды. Мен таңғалдым. Бізде жарық жанып тұруы үшін, сіз жиі келіп тұрыңыз”, – деді тұрғын.

Өз кезегінде мегаполис басшысы өзі келмесе де, жарық жанып, су себіліп тұратынын уәде етті.